Депутаттар Арыс қаласының
халқымен кездесті

417 көрілім

Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының аудан, қалалардағы халық алдында есеп беру кездесулері жалғасын табуда.
Бүгін облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов және облыстық мәслихат депутаты Е.Қосмамбетов теміржолшылар мекені атанған, тоғыз жолдың торабында орналасқан Арыс қаласының тұрғындарымен кездесті.
Кездесуге қалалық мәслихат депутаттары, қала әкімдігінің салалық бөлім басшылары, қоғамдық ұйымдар басшылары, қала халқы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.


Кездесуді Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекова жүргізіп отырды. Алғашқы сөз депутат Е.Қосмамбетовке беріліп, ол 2023 жылдың қорытындысы бойынша облыстық мәслихатта атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Баяндамада Арыс қаласына 2023 жылы түрлі сала бойынша 50 нысанға 6 миллиард 588 миллион теңге бөлінгендігін, оның ішінде: республикалық бюджеттен – 920 миллион, ұлттық қордан – 2 миллиард 655 миллион, облыстық бюджеттен – 2 миллиард 997 миллион теңге қаралғанын айта отырып, осы нысандар бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.
Кейіннен халық қалаулылары арыстықтардың ауыз сумен, электр энергиясымен қамту сынды көкейкесті сұрақтарына жауап берді.
Кездесуді қорытындылаған облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов Арыс қаласының экономикалық-әлеуметтік дамуына тоқталып, бүгінде облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының басшылығымен облысқа инвестиция тарту, кәсіпорындар ашу, бизнес саласын дамыту бағытында қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатқандығын айтты. Сондықтан, қаланың экономикасын көтеру үшін кәсіпкерлік саласын өркендетуге ерекше көңіл бөлу қажеттігін жеткізді.
Жалпы, тұрғындар осындай есеп беру кездесуін өткізген депутаттарға алғыстарын білдіре отырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Кездесуден соң, облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов жеке қабылдау өткізіп, қала тұрғындарының мәселелерін тыңдады.
Жеке қабылдауда қала тұрғындары көтерген барлық мәселелерді бақылауға алып, қала әкімдігіне тиісті ұсыныстар енгізді.

Түркістан облыстық мәслихаты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы