Ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу

228 көрілім


Медициналық көмекпен байланысты инфекцияларды адамдар емдеу-профилактикалық мекемелерінде стационарлық емделгенде немесе емханаларда тексеріліп, медициналық көмек алған жағдайларда жұқтыруы мүмкін. Сонымен бірге медициналық ұйым қызметкерлері кәсіби жұмыстарын атқару барысында әр түрлі ауруханаішілік инфекцияларға шалдығуы ықтимал. Сондықтан ауруханаішілік инфекциялардың алдын алуда медициналық ұйымдар үшін эпидемияға қарсы дезинфекциялық-стерилизациялық режим талаптарының сақталуы жоғары маңызға ие. Медициналық көмекпен байланысты инфекциялардың түрлері мен оның жұғу жолдары өте көп: -Медициналық мекеме қызметкерлері санитариялық – эпидемиологиялық режимді, асептика, антисептика ережелердің сақталмауы;
-ауруханалар мен емханалар бір реттік медициналық бұйымдармен, дезинфекциялық ерітінділермен толық қамтамасыз етілмегенде немесе оны дұрыс қолданбаған жағдайда;

  • аппараттар мен медициналық құрылғыларды өңдеу режимінің бұзылуы;
  • нысанның санитарлық жағдайының нашарлығы, желдету, сумен қамтамасыз ету және кәріз тораптарындағы бұзушылықтар мен т.б факторлар ауруханаішілік инфекциялардың таралуына әсер етеді. Сонымен қатар, науқастардың да жеке бас гигиеналық ережелерді сақтауы мен қорғануы маңызға ие. Денсаулық сақтау ұйымдарындағы медициналык көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың пайда болу себептері мен таралуын анықтау үшін арнайы инфекциялық бақылау комиссиясымен эпидемиологиялық бақылау жүргізіледі.

Б. Елемесов,

Түркістан облысының СЭБД басшысының орынбасары

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы