«TEṄ QOḠAM» ОРТАЛЫҒЫНДА 216 ТҰРҒЫН ҚЫЗМЕТ АЛЫП ЖАТЫР

384 көрілім

Түркістан қаласында ерекше қажеттілігі бар азаматтарға әлеуметтік – құқықтық кеңес беретін, кәсіпкерлікке баулып, тұрмыстық дағдыларға баулуға, жұмысқа орналасуға көмектесетін – «Teṅ qoḡam» орталығы жұмыс жасауда. Орталыққа жұмысын бастағалы 216 тұрғын тіркелген. Оның ішінде ерекше қажеттілігі бар 108 азаматқа жалпы сипаттағы көмек көрсетілсе, 9 азамат тұрақты және қоғамдық жұмысқа орналастырылды.

Сонымен қатар, жеке кәсібін ашуға ниетті орталық қызметіне жүгінуші – 34 адам арнайы бизнес тренингтен өтті. Одан бөлек, заманауи IT дағдыларын жетілдіруге арналған «I TeachMe» инклюзивті туры ұйымдастырылып, арнайы сертификаттар берілді. «Egov» электронды үкімет порталын пайдалану бойынша компьютерлік сауаттылық курстары өткізіліп, азаматтарды кезең-кезеңімен оқыту жүзеге асырылуда. Және де ерекше қажеттілігі бар азаматтардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін қаламыздағы тарихи мәдени орталықтарға экскурсия ұйымдастырылып, қолөнер бұйымдарын жасау курстары тұрақты өткізілуде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы