ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛДІМЕКЕН АТАУЛАРЫНДАҒЫ ГЕНДЕРЛІК ЕРЕКШЕЛІКТEP

1  230 көрілім

«Жеріңнің аты – еліңнің хаты», «Көптің түсін білгенше, бірдің атын біл» деп дана халқымыз босқа айтпаған шығар. Шындығында, ат пен заттың үйлесімділігі сақталмаған жерде ұлт тарихы мен философиясының тереңде  жатқанын дәлелдеу қиынға соғады. Қазіргі әлемді географиялық атауларсыз елестету қиын. Әрбір топонимде сан алуан мәліметтер бар: тарихи, географиялық, тілдік, өйткені географиялық атаулар пайда болған, қалыптасқан және тараған дәуірлердің тарихи жағдайларының айғағы.

Жалпы дүниежүзі бойынша қандай да бір мекемелерді атауда, мейлі ол шағын мекемеден бастап, үлкен әкімшілік аумаққа дейін болсын белгілі және дүниежүзіне ортақ, ұқсас талаптары болады. Елдімекендерді атауда да белгілі талаптар тәртібі сақталады. Солардың ең салмақтысының бірі халықтың жадында қалуы және халыққа танымал тұлға болуы. Мекеме, көше, елдімекен, қала, аудан мен облыс атауларын кісі есімдерімен атау әлем тарихында көптеп кездесі. Осы атауларға қарасақ ондағы гендерлік теңсіздік анық байқалады. Яғни маскулиндік атаулар феминисттік атаулардан әлде қайда көп. Атаулардың шамамен 80% дай маскулиндік, ал қалған небәрі 15-20% феминисттік сипатқа ие екен. Елдімекендерді атаумен ономастика ғылымының топонимика саласы айналысатыны белгілі. Топонимика ары қарай өз ішінен мекеме, көше, елдімекендер және т.б бойынша бірнеше салаларға бөлінеді. Топонимдерді бекітуде талаптарға тереңірек үңілсек. Кісі есімі берілсе, кімнің есімі, не үшін берілмек?
Тарихтан белгілі тәжіриебелер мен атаудағы заңдарға сүйенсек. Әуелі ол кісі ел есінде қалған, жұрт жадында жақсы атымен есте сақталған болуы керек. Осылайша ер есімі ел есінде мәңгілікке қалмақ. Халықтың мақтанышы болып, есінен шықпай ескерткішке айналады. Ал өскелең ұрпақ алдыңғы ағалармен түзеліп, үлгі ала отырып, өздеріде батыр бабалардың есімін жаңғыртпақ. Есімі берілетін тұлға белгілі қоғам қайраткері, мықты саясаткер басшы, халқының күн кешуін жырға қосқан ұлы ақын-жазушы, елдің атын әлемге естірткен талантты әнші – сазгер, әлем аренасында байрақты көкке көтерген спортшылар, ел үшін басын бәйгеге тіккен батыр бабалар тағысын тағы болуы керек. Жоғарыдағы талаптардан санамызға бірден маскулиндік сипат еске түседі. Әрине тарихта ұлы тұлғалардың көбі ер адамдар болғаны рас. Бірақ есімін ел білер әйел кісілерде жоқ емес. Сондықтанда топонимдерде феминисттік тұрпат әлде қайда көбірек сипат алу керек. Қазір топонимдердің шамамен 15-20% ғана феминисттік болса, ендігі жерде ол 30-40% көбеюі керек. Пайыздың көбейтілуі негізсіз емес. Әлемге әйгілі әйел есімдері де, еліміздің тарихында ерен еңбегімен алтын әріппен жазылған апаларымыз да аз емес. Тек олардың халыққа үгіт насихатталуы тең дәрежеде болмауы еліміздің ғана емес, бүкіл дүниежүзі қоғамындағы әйел орнының айқын көрінісі. Елдімекендерді атауда гендерлік теңсіздіктің сипатын батыс елдері көптеп қозғайды. Әр түрлі ұйымдар құрып, жергілікті билікке арыз жазып теңдік іздеп жүреді. Бұның астары гендерлік саясат дейтін әлемдік үлкен саяси көз қарастар мен таласуларға үңілдіреді. Жиырма бірінші ғасырда гендерлік теңсіздіктің мұншалықты етек алуы, қоғамдағы «дискриминацияның дәлелі», – дейді Мария Пиа Эрколини. Ол географиялық нысандарға атау беруде гендерлік теңсіздіктің болуына әлемде қарсы шыққан біріншілердің  қатарында болды. Ол өз тобымен қала көшелерінің 7575-і , яғни 45,7% ерлердің, ал 580-і, яғни, 3,5% әйел есімдерімен аталғанын анықтаған екен. Мұнан бөлек тәуелсіз батыс зерттеушілеріде бірнеше зерттеулер жасаған. Сондай зерттеудің бір үлгісі былайша жүзеге асқан. Айталық миллиондаған тұрғыны бар қала көшелерінің картасын жасап, ондағы көше атауларын жік жігіне бөлейік. Одан бірнеше бөлім шығады. Мысалы: тарихи атаулар, жергілікті табиғи жағдайға байланысты атаулар, тарихи оқиғаға байланысты атаулар, кісі есімдерімен аталған атаулар тағы басқа. Осы жерден кісі есімдерімен аталған көшелер жалпы көше атауларының 40% құраса, ендігі жерде ер адамның атымен аталған көшені көк түспен, ал әйел адамның атымен аталса қызыл түспен белгілейді. Қорытындысында феминисттік сипаттағы атаулардың өте аз екеніне көз жеткізуге болады. Яғни қызыл сызықтар көк сызықтың жетіден біріндей ғана болады.

Соңғы жылдары феминизмнің ауқым алуымен, сондай ақ адамдық құқықтарға, ешкім ешкімнен кем емес деген ұстанымдарға қатты назар аудару себептерінен топонимдерді де атауда құқықтардың тең болуы талап етілуде. Тіпті батыс елдерінде көшелерге қала басшыларының әйелі не қызы есімдерінің берілгені туралы айтылуды. Қазіргі таңда осындай мәселелерге де жіті назар аударылуда.
Нысандарға атау беруде арнайы тұлғалардың есімдері іріктеп алынып, оны Ономастикалық комиссия мақұлдап, бекітеді. Елімізде нысандарға кісі есімін бергенде осы тізім басшылыққа алынуы тиіс. Онда 555 кісінің аты-жөні жазылған. Ол тізімдегі 555 есімнің 20 есімі ғана әйелдерге қатысты. Негізінен ол тізім әртістер, әншілер, ақындар мен ғалымдар, ұстаздар Кеңестік дәуірдегі Социалистік Еңбек Ері атағының иегерлерінен тұрады. Еліміз үшін ерен еңбегі сіңген әйелдер саны саусақпен санайтындай ғана емес екені анық. Алайда биліктен бекітілген заңдарға қарап ақ, қазақ қоғамындағы теңдіктің жағдайын білуге болады. Әйел есімдерінің пайыздық үлесін арттыру арқылы қыз баланыңда қоғамдағы орны анық екенін білдіру керек. Тек ерлер ғана мемлекеттің іргесін қалаушылар емес. Батыр әйелдердің есімін жаңғырту арқылы ұрпақ санасында жаңғыртамыз. Ел мен жерін сүйген ерен тұлғаларға қарап, бой түзеген ұл мен қыз ертеңгі елдің тұтқа ұстар азаматтары болмақ.

Елді мекендерді атаудағы гендерлік теңдіктің маңызы

Қазақстанда әйелдердің қоғамдағы орны толық көрініс таппаған немесе әйелдерді ерлерге қарағанда төмендетушілік бары жаңалық емес.

Жаһандану дәуірінде әйелдердің орны нақтыланып, олардың қоғам алдындағы бейнесі жасыруларсыз, бүркемелеусіз ашық, айқын көріну керек. Қоғам бір қауымның бірігіп өмір сүруінен құрылатын болса, әрбір адамның ер не әйел деп бөлмей қоғамдағы орны анық бөлінбек. Қазақстанда әйелдерді төмендетушілік ашықтан ашық көрінеді. Әйелдерді төмендету қоғамда құнды саналатын отбасы түсінігінен де басталады. Отбасындағы ер балаға артық көңіл бөліну, оны қыз балаға қарағанда үстем көрсету қыз баланың қоғамда қалыс қалуына өзінің еркінсіз мәжбүрлейді. Ер баланың артық ұлықтануы оның эгосын қалыптастырып, өзін басқа адамдардан әйел не еркек екеніне қатыссыз артық санауына алып келеді. Осылайша отбасында тиісті құндылықтарды алмаған, өзінің ерден кем екенін ұғып өскен қыз баласы қоғамда көп әділетсіздіктерге ұшырайды. Отбасында ердің әйелден артық емес екенін ұғындырып, әйелдің ерден кем емес екенін түсініп өскен ерлер қоғамның әділеттілігі үшін пайдасы көп. Қазақстан көлемі жағынан алғашқы ондықта тұрғандықтан, ондағы географиялық, әкімшілік аймақтық бірліктердің  көп болуы заңды. Оларды атау мен қайта атау процестері  “Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы” Заңының негізінде жүргізіледі. Ол Заңда берілуге тиісті атаулардың тегі немесе жынысына байланысты ешнәрсе айтылмаған. Нысандарға атау беруде арнайы тұлғалардың есімдері іріктеп алынып, оны Ономастикалық комиссия мақұлдаған. Яғни, Республика көлемінде нысандарға кісі есімін бергенде осы тізім басшылыққа алынуы тиіс. Онда 555 кісінің аты-жөні бар. Ол тізімдегі 555 есімнің 20 есімі ғана әйелдерге қатысты. Негізінен ол тізім әртістер, әншілер, ақындар мен ғалымдар, ұстаздар Кеңестік дәуірдегі Социалистік Еңбек Ері атағының иегерлерінен тұрады. Хандық дәуірде жауға қарсы шапқан ержүрек Гауһар мен Бопай немесе әлемдегі Нобель сыйлығының лауреаты, алғашқы әйел инженер, бейбітшілік қорғаушысы, экология қорғаушысы әйелдердің есімін  есте қалдырып, ұлықтаса болашақ ұрпақтың көзін ашуға мүмкіндік беретін еді. Екінші дүниежүзілік соғыстағы «Бірінші» және «Екінші Прибалтика» немесе Белорус майдандарында одан қалды Берлинді алу операциясында радио-байланысшы қызметін атқарған Ғарифа Рахметова мен Зылиха Наушева есімдері, дәрігерлік қызмет атқара жүріп әйелдер құқығының бұзылуына қарсы күрескен, алғашқы дәрігер қыздардың бірі Нубина Ниязова,  Мүслима Қожахметова, Мәлика Тоқтамышова, Майра Мақатова, Нұрғаным Байсеитова, Роза Момынова сынды тағы да көптеген қаһарман қазақ қыздарының есімдері үлгі боларлық. Қазақ әдебиетінің шарықтауына өз үлесін сөзсіз қосқан қазақтан шыққан алғаш әйел-романист Сара Мыңжасарованың, дәрігерлер Аққағаз Досжанова мен Жәмила Қонақбайқызы Шурина сынды әйел қайраткерлер ерлермен тең жұмыс жасаған. Олар да халық арасында ұлықтауға, құрметтеуге лайық. Соларға еліктеп, еңбектерін қайталауға тырысатын жастар қатары көбейетіні анық.  Көне дәуірден бастап күні бүгінге дейін қазақ жерінен шыққан атақты, әлем және қазақ қоғамында орны анықталған, аты адамзатқа үлгі боларлық тұлғалардың аты-жөндері іріктелген тізімдегі 3,6% әйелдер есімдері осы қоғамдағы гендерлік саясаттың жағыдайын көрсетіп отыр. Яғни, Қазақстанда әйел адамдардың қоғамдағы орны нақтыланбағаны, ерлермен салыстырғанда өте төмен деңгейде ұлықталатыны байқалған. Әлемдік есеп бойынша ер адамдар әйелдерден шамамен 100  кісіге ғана артық бола тұра, есімдерінің көп берілуі әйелдер құқығын төмендету болып саналады.

Қорытындылай келе, тарихи, географиялық ерекшеліктерді сақтау дегенді қалай түсінеміз? Әрине, әр жердің өз тарихы қалыптасқан. Ата-бабадан қалған ұлан-ғайыр еліміздің ұлтарақтай бөлігіне дейінгі жерінің атауы бар.  Әлімсақтан тарихи атауы болған жерлеріміз бұрмаланып кеткені жасырын емес. Осыны да тарих деп дауласатындар табылады. Алайда, бұл бергі тарих. Арғы тарих көмбесі кейде қазылмай, қазанының қақпағы ашылмай қалып жатқаны қаншама.

Яшева Диана
Мадихан Абдіжаппар
Саламат Сағындық

SDU 4-курс студенттері

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы