АНАЛАР АРДАҚТАЛДЫ

585 көрілім

Нәзір Төреқұлов атындағы музейде 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай, «Әйелдің жан жылуы – мейірімділік сәулесі» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Аталмыш шараны №2 «Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға» арналған кітапхана мен музей қызметкерлері бірлесіп өткізді. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен аяулы аналарды ардақтау мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға Абдікаримова Рабия және Мақанова Нұрқайша апаларымыз бен Сабыр Рахимов атындағы  мектеп оқушылары қатысып, тағылымды сұхбат құрды. Кеш барысында жас ақындар Дәурен Тілеухан, Бауыржан Қайсар аналар мен аруларға арнап жырдан шашу шашып, әуезді әндер шырқап, кештің көркін қыздырды.

Әдеби кештің соңы кітапхана және мұражай қызметкерлерінің нәзік жандыларды құттықтауымен және қонақтарға сыйлық тапсыру рәсімімен аяқталды.

Қаршыға ШОМБАЙ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы