ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ АЗАЙДЫ

521 көрілім

Түркістан облысы  эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша «жасыл» аймақта.  Соңғы тәулікте  коронавирусқа шалдығудың 14 жағдайы тіркелді.  Мәліметтерге сәйкес, коронавирус инфекциясын жұқтыру соңғы екі аптада – 946 жағдайға төмендеген, – деп хабарлайды Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау  департаментінің баспасөз қызметі.

Халықты коронавирусқа қарсы вакцинациялау науқаны басталғаннан бүгінгі күнге дейін COVID-19 инфекциясына қарсы екпе алуға жататын өңір тұрғындарының   1046809-ы, яғни  100,1%  І-компонент ін салдырды,  ал ІІ-компонентті алғандар саны  1042201, 99,6% құрады.  2 компонентті  де салдырған азаматтарға   арада 6 ай өткенде  ревакцинациялану  ұсынылған. 

Аймақта 212 816 адам  ревакцинациялаудан өтті.  Олардың ішінде 29 760 –ы «Спутник V», 104-206-ы «QazVac», 51 – «КоронаВак», 76056 «Sinopharm», 15 808 – «Pfizer»,  23 911 – «Спутник» лайт  салдырды.  Ал,  12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жүкті және емізулі аналар, жасы 60  тан асқан азаматтар жалпы 163 304 азамат «Pfizer» вакцинасының І-компонентін алды. ІІ- компонентті де салдырғандар – 88 255.  

Түркістан облысының санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті эпидемиологиялық ахуалды бұдан әрі тұрақтандыру үшін азаматтарды маскалық режим, антисептикпен залалсыздандыру, әлеуметтік арақашықтықты сақтаумен қатар, вакцина салдыруға, «Covid-19» қарсы  иммунитетті нығайту үшін  ревакцинациалаудан өтуге шақырады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы