КӨГІЛДІР ОТЫН КӨПКЕ ҚУАНЫШ СЫЙЛАМАҚ

1  931 көрілім

Күн суытса бағасы күрт көтерілетін көмірден арылатын кез таяп қалды. Себебі, биылғы жылдың желтоқсан айына дейін қаладағы газ құбыры жүргізілген аумақтар табиғи газбен толық қамтамасыз етіліп, 18497 абонентке көгілдір отын беріледі деп күтілуде.

Осы мақсатта қала әкімінің тапсырмасымен ақпараттық-насихаттық топ құрылып, түсіндірме жұмыстарына кірісті. Шара барасында топ өкілдері «Бекзат» мөлтек ауданындағы газ кіргізу жұмыстары жүргізіліп жатқан аймақтарда болып, тұрғындарға көгілдір отынның тиімділігін түсіндірді.

Жаңа құрылыс болған соң, көптің айтары бір. Ол – «үй құжаттарын заңдастырмай жатып газға қол жеткізе аламыз ба?» деген сауал. Бұл ретте «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Түркістан өндірістік филиалының бас маманы Ғани Балғынбек алдымен үйді заңдастырып, құжаттарды дұрыстау керектігін алға тартты. Сондай-ақ, мамандар көгілдір отынның пайдасына тоқталып, тиімді тұстарын тілге тиек етті.

«Өз үйіңізге табиғи газ кіргізу үшін жылу қазандықтары-нан (80-150 мың теңге) бөлек 85 мың теңге төлейсіз. Көгілдір отынды пайдалансаңыз, қаржыңызды ғана үнемде-мейсіз, экологиялық ахуалды жақсартуға да себепкер бола-сыз», -деді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Айдын Абдіғаппаров.

Экология министрлігінің мәліметінше ауаны ластайтын зиянды қалдықтардың 30 пайызы жекеменшік секторға тиесілі екен. Күн суыса әрбір үйдің мұржасынан будақтайтын көк түтіннің қоршаған ортаға тигізер зиянын көзіміз көріп жүр. Осындай зияны мен бейнеті қатар келетін қыс мезгілін көп ұзамай түркістандықтар газ жағумен еркін өткізетін болады.

Айта кетерлігі, жеке үйлерге табиғи газ кіргізу жұмыстарын 2019 жылдың желтоқсанында бітіру жоспарлануда. Осыған орай, үйіңізге қысқы отынды алар кезде көп шығындалмауды көздеңіз. Үйге газ кіргізу ақысы (30 метрге дейін) 85 мың теңге. Егер газ құбырының ұзындығы 30 метрден асса, қалған бөлігіне қосымша ақы төлейсіз. Газ қазандығын (котел) орнату үшін 80 мың мен 150 мың теңге аралығындағы құрылғылар ұсынылады.

Орынбек ҚАСЫМБЕКОВ,

«Түркістан».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы