ӨЗ СЕКТОРЫҢЫЗДЫ БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ ЖӘНЕ МӘСЕЛЕНІ АНЫҚТАУҒА ҚОЛҒАБЫС ЖАСАҢЫЗ

1  056 көрілім

Енді Түркістанды дамытуға облыстың аудандары да үлес қосады. Осы мақсатта қала 16 секторға бөлініп, жауапты аудандар мен басқармалар бекітілді. Арнайы жадынама жасалды. Түркістан әкімдігінің бөлімдері мен қаланың белсенді азаматтары, мөлтек аудан төрағалары, көше комитеттері жұмыстың жүруіне жауапкершілікпен атсалысатын болады.
Әр секторда төмендегі жадынамаға сай жұмыс жүргізілетінін назарларыңызға саламыз.

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ 16 СЕКТОР БОЙЫНША ЖҰМЫС ЖАСАЙТЫН АУДАНДАР МЕН БАСҚАРМАЛАРҒА АРНАЛҒАН

ЖАДЫНАМА

  1. Берілген территорияға инвентаризация жасау
    1. жер көлемін анықтау,
    1. үйлердің, тұрғындардың санын анықтау, 
    1. көшелердің санын анықтау,
  2. Жол картасын әзірлеп, іс шара жасау:
    1. Берілген аумаққа абаттандыру бойынша не қажет екенін анықтау:
      1. қанша шақырым көшеге орташа және күрделі жөндеу қажет;
      1. қанша шақырым аяқ жол қажет;
      1. қанша шақырым суағар арықша қажет;
      1. қанша шақырым жарықтандыру қажет;
      1. маршруттардың бағытына қарай қанша аялдама қажет;
      1. қанша және қандай жол белгілері қажет;
      1. қанша қоқыс жәшігі қажет;
      1. Суландыру үшін қанша скважина мен арықтар қажет екендігін анықтап, анализ жасау.
    1. Берілген аумақты көгалдандыру бойынша анализ жасау:
      1. Қанша және қандай ағаш отырғызылу керек схемасын жасау;
      1. Қандай ағаштың түрін отырғызуға болатындығын ХҚТУ-дің «Ботаникалық бақ» мамандарымен, табиғатты қорғау басқармасы мамандарымен келісе отырып анықтау;
      1. Ағаштарды отырғызғанда түбіне міндетті түрде тыңайытқыш көң себу;
      1. Бір сектордан келесі секторға өтетін үлкен көшелердің бойына егілетін ағаштарды жауаптылар бір-бірімен келісе отырып, біркелкі тал отырғызу:
    1. Осы атқарылатын жұмыстың орындалу барысы;
      1. Басталу – аяқталу мерзімін нақты көрсету;
  • Берілген территорияны квадрокоптермен түсіру.
  • Жеріне анализ жасау; Топосъемка жасау.
  • Сектордағы әрбір көшеден бір белсенді анықтап, жауапты квартком мен уличком бекіту.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары