ТҮРКІСТАНДА АТОМ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫН САЛУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ЖАРИЯ ТАЛҚЫЛАУ ӨТТІ

307 көрілім

Бүгін Түркістанда АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылау өтті. Алғалы жиынға ҚР Энергетика министрінің өкілдері, Қоғамдық кеңес мүшелері, «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК, «Қазақстандық атом станциялары» ЖШС, «Ядролық физика» институты және Қазақстанның Азаматтық Альянсы өкілдері, өңір тұрғындары мен жергілікті белсенділер, бірқатар физика пәнінің мұғалімдері қатысты.

Талқылауда атом электр станциясын пайдалану қауіпсіздігі, атом станциясының жұмыс принципі және оның қоршаған ортаға әсері жайында шараның басты спикерлері баяндама жасады. Спикерлер өз баяндамасында елдің энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында атом электр станциясын салу қажеттілігі жайлы және елімізде АЭС құрылысына дайындық бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ, өңір тұрғындарының басты сауалындағы мәселе ядролық технология мен радиациялық қауіпсіздік туралы толық баяндап берді.

Өз кезегінде өңір тұрғындары және жергілікті белсенділер атом электр станциясын салу қажеттілігіне қатысты, бұл жобаның экологияға ықпалы мен әсері, қоршаған орта қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар мәселелерді алға тартып, спикерлерге көкейтесті сауалдарын қойды.

Жаһандық атом энергетикасының жағдайымен және заманауи қауіпсіз ядролық технологиялар арқылы Қазақстанның энергия тапшылығын азайту және ядролық технологияның қауіпсіздігі туралы сөз қозғалған алқалы жиында түркістандық белсенділер мен тұрғындар атом энергетикасы жайлы толық мағлұмат алуға мүмкіндік алды.

Улпан АБДІРАХМАН.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы