БАТЫС ҚЫТАЙ-БАТЫС ЕУРОПА ТАСЖОЛЫНДА АЙНАЛМА ЖОЛ САЛЫНАДЫ

705 көрілім

Облыс орталығындағы басты жолдардың бірі Батыс Қытай-Батыс Еуропа бойынан айналма жол салынуы жоспарлануда. Бұл жайлы, Яссауи көшесіндегі жол құрылысы жұмыстарын бақылаған Рашид Абатұлы айтып өтті. Жұмысты ширатып, жуық арада пайдалануға беру туралы тапсырма берді. Жалпы, Яссауи көшесіндегі екі жақтама жолдың бірі аяқталып, екіншісінің жұмыстары жүруде.

Сонымен қатар, Рашид Абатұлы құрылысы жүріп жатқан Р-32А ирригациялық каналының жұмыс барысын бақылады. 1,5 км шақырымға дейін созылатын канал жанында ағаштар егіліп, вело және аяқжол салынып, жарықшам орнатылады. Арыс-Түркістан каналынан Б. Саттарханов даңғылына дейін және одан әрі жасыл аймаққа дейін жүретін судың экологияны жақсартуда маңызы зор. Бұл аумақ әрі демалыс орнына айналады. Жалпы, “Өмір жолы” ЖШС мердігерлік етіп отырған құрылыс жұмыстарына 30 жұмысшы мен 11 техника жұмылдырылған. 

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы