- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы халқымызға рухани күш, бойына қуат беріп, жүрегіне сенім ұялатты. Елбасының бұл еңбегі – ынтымақ пен береке-бірлікке шақыра отырып, сын-қатерден аман өтудің жолын нұсқаған бағалы тұжырымдама.
Мақалада тұтқиылдан келген жаман індет – коронавирус дерті барша адамзатқа қауіп-қатер төндіріп отырғанын айтып өтті. Әлем мемлекеттері бұл дертке бірлесе дауа іздеп, ортақ мақсат жолына бірлесіп әрекет етуде. Біз де игі мақсаттағы іс-шаралардың барлығына жер-жерлерде бүкіл халық болып қолдау көрсетуіміз керек.
«Адамның өзіне деген сенімі – үлкен күш»,- дейді Нұрсұлтан Назарбаев. Өзімізге деген сенімімізді және бізге жүктелген мемлекетіміздің сенімін ақтап осы қиындықтан абыроймен шығуға болатын үмітті үзбеу – аса маңызды. «Маған небір қиын-қыстау күндерде ешқашан намысын бермеген, қашанда бірлігі бекем, пейілі кең, құшағы ашық, бауырмал халыққа басшылық ету бақыты бұйырды. Сондықтан қазіргідей алабұртпа көңіл жағдайында дана да дархан халқыма – баршаңызға зор ризашылыққа толы осы сөздерімді жолдадым» деген Елбасы сөзінің ақиқат екенін бәріміз білеміз.
Тұңғыш Президент: «Әрине қалыптасып отырған жағдай оңай емес. Бұл – бүкіл әлем мемлекеттеріне түскен зор ауыртпашылық. Біз оны осындай сын сағатта септігін тигізетін халқымыздың төзімділігі, ерік-жігері және өзіне деген зор сенімі арқасында міндетті түрде жеңіп шығамыз. Ол үшін бізге қажетті нәрсе – қаржы-қаражат, материалдық ресурс, техника, азық-түлік – бәрі бар. Алаңдайтын, абыржитын еш негіз жоқ»,- деп қоғамның сенімін нығайтты.
Елімізде вирус тіркелуден бұрын көптеген шаралар қабылданып, іс жүргізілді. ҚР Президенті Қ.Тоқаев індеттің алдын алу мақсатында Үкіметке тиісті әрі қажетті шараларды қолдануды тапсырды. Бүгінге дейін көптеген жұмыстар атқарылды. Бұл мемлекетіміздің әрбір азаматының өмірі қымбат екенін көрсетеді.
Бұл ретте Елбасының үндеуіне үн қосып, осы індетке қарсы күрес жұмыстарына қолдау көрсетуді азаматтық парызым деп білемін. Барлықтарыңызды осындай қиын-қыстау сәтте елдігімізді көрсетіп, бірлігіміздің арқасында барлық қиындықты жеңіп шығуға шақырамын.
«Ел басына күн тумасын, туса сен де – бір тұлғасың» дегендей, осы бір кезеңде баршамыздың ортақ мүддеміз – індетті жеңу, өзіңді де елдің бір тұлғасы ретінде дәлелдеу, отандасыңа қол ұшын созу болмақ. Барлық сақтық шараларын өзімізден бастайық. Ертеңгі күн үшін, елдігіміз үшін, ауызбіршілігімізді жоғалтпай, барымызды бағалап, бағымызды қадірлей білсек, еңсесі биік ел екенімізді тағы бір рет дәлелдейміз! Біз біргеміз!
Зуппархан ЧАЛДАНОВ,
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты.