- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Бағаны тұрақтандыру және халықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету үшін «Түркістан» ӘКК» АҚ оларды жылжымалы сатылым нүктелері арқылы сатуды жалғастыруда.
2020 жылдың 18 сәуірінде әлеуметтік азық-түлік тауарларының кезекті сатылуы өтеді. Сатылым нүктелеріндегі бағалар қаланың азық-түлік базарларында белгіленген бағадан төмен болады.
Сатылым нүктелерінде сіз өнімнің 5 түрін сатып ала аласыз (1 кг бағасы):
1-сұрыпты ұн – 130 теңге;
Құмшекер – 205 теңге;
Пияз – 56 теңге;
Тегістелген күріш – 185 теңге;
Макарон өнімдері – 186 теңге.
Сатылым нүктелеріне келген кезде карантин режимін сақтауды сұраймыз: маскалар мен қолғаптарды кию, адамдар арасында ара-қашықтықты сақтау. Сонымен қатар, сауда кезінде қолма-қол ақша алуды азайту мақсатында онлайн-төлемді пайдалану мүмкіндігі болады.
Күні: 18 сәуір 2020 жыл
Уақыты: 10:00 – 17: 00 сағ.
Орын: «Алтын-Бұлақ» базары.
Қосымша ақпарат алу үшін телефондар арқылы хабарласыңыз
8 (777) 115 32 32, 8 (700) 024 11 88.