Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.01.2020 жылғы кепілдендірілген әлеуметтік топтама беру жөніндегі Қаулысына сәйкес Бәйдібек ауданында атаулы әлеуметтік көмек алушы 1-3 жасқа дейінгі 124 балаға, 3-6 жасқа дейінгі 199 балаға, жалпы 236 отбасы, 323 балаға ақпан айына бөлінген кепілдендірілген азық–түлік жиынтығы таратылды.
Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік қызметкерлері тізімге сәйкес барлық ауылдық округіндегі елді мекендердегі кепілдендірілген азық–түлік жиынтығын алушы отбасылардың үйлерін жеке-жеке аралап, тапсырып шықты.
Ауыл тұрғындары өздеріне көрсетілген осындай қамқорлық пен көмектерге алғыстарын айтты. Бұл көмек алдағы уақытта да атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларының балаларына берілетін болады.
Ләззат САРЫБАЕВА.