ЖЕТІСАЙЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ЖОМАРТТЫҚ ТАНЫТТЫ

991 көрілім

Түркістан облысы, Жетісай ауданының жас кәсіпкерлері 100 отбасыға азық-түлік үлестірді, деп хабарлайды «Yassy-tur.kz»  ақпарат агенттігі.

Жетісай қаласында карантиндік аймақта қалған тұрғындарға жергілікті кәсіпкерлер мен әкімдік тарапынан түрлі әлеуметтік көмектер көрсетіліп келеді. Сөзімізге дәлел, жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 100 отбасыға азық-түлік пен нан тегін таратылды.

«Мақсатымыз – мақтану емес, қиын сәтте қолұшын созу. Біз осы кісілердің арқасында кәсіпкер болып, бизнесімізді жүргізіп отырмыз. Осындай ізгі шараны жалғастыруға ауданның барлық кәсіпкерлері де үн қосса дейміз»,-дейді кәсіпкер жастар. Сондықтан, көпбалалы отбасыларға, қараушысы жоқ қарттарға бірінші кезекте қажетті –  картоп, пияз, сәбіз, май мен шекер, ұн және макарон сынды азық-түліктер үлестірілді.

Халықтың алғысына бөленген азаматтардың тек жақсылығын ғана айтып, аты-жөнін атамай кетуге болмайды. Жомарт жандар – «Аббу» құрылыс заттар дүкенінің иелері, жас кәсіпкерлер – Жасұлан Оспанов пен Диас Шәріпбеков, «Абзал» тойханасының иесі  – Құттыбек Елтоқов, «Аспан» пластикалық өнімдер дүкенінің иесі – Ернар Молдабеков пен Жансур Мұратов, Ғани Толыбаев және Төлеби Махаметбетбердиев.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы