ТҮРКІСТАНДАҒЫ БЛОК-БЕКЕТТЕР ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

784 көрілім

Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Тәжібек Мұсаевтың төрағалығымен қалалық штабтың кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды «Yassy-tur.kz»  ақпараттық агенттігі  Түркістан қаласы әкімдігінің turakimat.gov.kz сайтына сілтеме жасап.

Қалада төтенше жағдай талаптарының орындалу деңгейі қатаң бақылауда. Ол үшін мобильді топтар жұмыс жүргізуде. Дегенмен, спорт және балалар ойын алаңшаларында жасөскіндердің ойын ойнап, ара-қашықтықты сақтамау жайттары тексеріс барысында белгілі болды.

Сондай-ақ, базар аумағында ұялы телефон сататын дүкенінің есігін ашқан иесіне әкімшілік хаттама толтырылды. Алдымен, адам денсаулығының қымбат екендігі айтылып, сондықтан азық-түліктен басқасы уақытша жабылатындығы ескертілді.

Блок-бекеттердегі де жағдайлар айтылып, өзге шаһар тұрғындарының түрлі жолдармен Түркістанға заңсыз, тексеріссіз өтуі анықталған. Бұл тұста, сақтық шараларын жандандырып, бақылау-өткізу бекетін қатаң қадағалау керектігі ескертілді.

Ал, қаланы дезинфекциялау ауа-райы қолайсыздығына байланысты тоқтап тұр.  Жауын-шашын басыла, алдымен, азық-түлік қатарларын залалсыздандыру жалғасатын болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы