СПОРТ САҢЛАҚТАРЫ НАСИХАТТАЛДЫ

1  357 көрілім

Тәуелсіз еліміздің тұғырлы, еңсесі биік егемен ел болғалы ширек ғасырға жуық уақыт өтті. Өткенге көз тастап, болашақты бағамдай білу мақсатында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” тақырыбы аясында мақала ұсынды. Бағдарлама мазмұнына ой жүгіртсек, заман сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерімізді, табысты жаңғыртудың маңызды алғышарттарын, сондай-ақ, адами құндылықтар, рухани қазына мен тұтас қоғамның жаңашыл жаңғыру жолына бағыт алу керектігімізді алға тартады.

Бағдарлы болашаққа үн қосу мақсатында музейімізде “Түркістандық спортшылар” тақырыбында іс-шара өтті. Жиында жаңа ғасырдағы әлемдік, өңірлік, ішкі-сыртқы тәуекелдерге қарсы тұра алатын отаншылдық тәрбиенің, ұлтжандылықтың кепілі ретінде туған жердің торқалы топырағынан шыққан спортшылар жайында баяндамалар оқылды. Шара барысында, Ә.Нұрмаханов, Х.Аққалиев, О.Жарылқапов, Б.Саттарханов сынды спорт майталмандарының өмір деректері баяндалып, оқушыларға тәлім-тәрбие берер мағлұматтар келтірілді.

Музейге жасалған саяхат соңында, оқушылар мекемемен жете танысып, музей экскурсоводы Е.Қалымбетовтың экскурсиясы барысында спорт бөліміне тоқталып, спортшыларымыздың жеткен жетістіктерін көрме залынан тамашалады.

Музей қызметкерлері аталмыш мақаланың таным көкжиегін насихаттау мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде талмай еңбектенуден шаршаған емес.

Бағила АБЗЕЙТОВА,

С.Ерубаев атындағы музейдің қызметкері.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы