Отырар аудандық балалар кітапханасында «Тосыннан түсіргенде…» атты кітапханалық жоба жұмыс жасайды. Жобаның мақсаты – кітап оқудағы қызықты сәттерден суреттер жинақтау, кітап оқуға уақыт таба білуді әдетке айналдыру және балаларды қызықтыру болып табылады.
Қазіргі заманымыз өмір бойы үйренуді, ізденуді, кітап оқуды талап етеді. Бүгінгі оқырман – ертеңгі көшбасшы!

Ендеше, Отырар аудандық балалар кітапханасының әлеуметтік желідегі жеке парақшасына келіп түскен тосыннан түсірілген суреттерді бірге қызықтайық…
Ләззат САРЫБАЕВА.
