- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Бүгінгі күннің басты тақырыбына айналған коронавирус дерті біздің елімізді де айналып өтпеді. Аты жаман кеселдің алдын алу мен одан сақтану шаралары баршамызға түсінікті екені хақ. Күні кеше Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ халқына үндеу жолдады.
Түркістан кәсіпкерлері бірауыздан Елбасы үндеуін қолдап, қиын сәтте халыққа қол ұшын созуда.
Жұдырықтай жұмылып ел игілігі үшін сақтық шаралары мен алдын алуға арналған жүйелерге арнайы қаржы бөліп отыр. Осындайда қарап отырып сүйсінеді екенсің. Қазақтың жомарттығы бір төбе, дархан пейілі мен бауырмалдығы бөлек әңгіме екеніне осындай сәттерде көзіміз жетеді.
Алайда, барлық тұрғындарға байбаламға салынбай тәртіпке бағыну арқылы сақтық шаралары мен ескертпелерді орындасақ, бәрі ойдағыдай боларына сенемін.
ИНАРА НАМАЗБАЕВА,
“Түркістан облысы іскер әйелдер қауымдастығы” қоғамдық бірлестігінің төрайымы, кәсіпкер.