Бүгінде барша әлемді дүрліктіріп отырған коронавирус індетін жұқтырғандар саны күн санап артып, еліміздің Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан да тіркеліп отыр. COVID – 19 дегеніміз не? Бұл жұқпалы ауру. 2019 жылы желтоқсан айында Қытай мемлекетінің Ухань қаласында ең алғашқы коронавирус тіркелгендігі белгілі.
Коронавирустың белгілері: құрғақ жөтел, бас ауруы, дене қызуының көтерілуі, кейбір науқастарда мұрын бітелуі, диарея, мұрыннан су ағу белгілері болуы мүмкін, 80% жұқтырған науқастарда ауру сауығумен аяқталады. Алты жағдайдың бірі ауру ауыр дәрежеде өтеді, өкпе жетіспеушілігі белгісімен. Келесі топтағы тұрғындарда ауру белгілері ауыр дәрежеде өтуі мүмкін – егде жастағы адамдарда және соматикалық аурулары бар науқастар (артериальдық гипертония, қант диабеті, созылмалы жүрек аурулары).
Коронавирус қалай жұғады? COVID – 19 вирусы, адам вирус тасымалдаушымен қарым-қатынаста болған жағдайда жұғады. Ауру адамнан-адамға түшкіргенде немесе жөтелгенде майда тамшылар арқылы таралады. Майда тамшылар қоршаған ортаға және заттарға орналасады. Осы заттармен адам қарым-қатынаста болып, бетін немесе мұрнын ұстағаннан вирус жұқтырады. Сол себептен науқаспен қарым-қатынаста арақашықтығы 1 метрден көп болу керек.
Коронавирустан өзіңізді қалай сақтауға болады?
Қолыңызды жиі 20 секундтан кем емес сабынмен жуу, құрамында спирті бар ерітіндімен өңдеу, түшкірген және жөтелген адамдармен арақашықтық 1 метрден көп болу керек, адам көп шоғырланған ортаға бармау. Егер сізде әлсіздік, дене қызуы көтерілсе үйде болыңыз немесе жедел жәрдем шақыртыңыз, дәрігеріңізге хабарласыңыз. Коронавирустың емдеу жолдарына келсек, спецификалық арнайы емі жоқ. Симптоматикалық емдеу жүргізіледі, вакцинациясы жоқ.
Жанар ОСПАНОВА,
Түркістан қалалық емханасының бас дәрігері.