ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Қазақстан Республикасында короновирустық инфекцияның тіркелуі мен таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту және халықтың өмірі мен денсаулығын сақтау, әкелуге жол бермеу туралы» ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысын орындау мақсатында, дезинфекциялық тазалық жұмыстары өз деңгейінде жүргізіліп келеді.
«Ветеринариялық қызмет» КМК мен Арыс аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандарының қатысуымен халық көп шоғырланатын орындар темір жол вокзалы, автовокзалдар, базарлар, әділет басқармасы, халыққа қызмет көрсету орталықтарында арнайы препараттарымен дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді.

Алдағы уақытта да тұрғындардың қолайлы өмір сүруіне жағдай жасау мақсатында аталған жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады.
Қуаныш ТАСЫБАЕВ.
