ТҮРКІСТАНДА САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСУДА

1  214 көрілім

Түркістан қаласы аумағында короновирус індетінің алдын алу мақсатында қала әкімдігінің жанынан 5 мобилдік жұмысшы топ құрылған болатын. Аталған №3-ші жұмысшы топтың жетекшісі, қалалық спортты дамыту бөлімінің басшысы Қ.Айдарбеков, құрамында Түркістан мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аса қауіпті аурулар бөлімінің жетекші маманы А.Рахимбаева, қалалық ТКҚСҚББ жетекші маманы Е.Жұматаев, қалалық полиция басқармасының өкілдері тағы басқа да тиісті азаматтардың қатысуымен 2020 жылдың 19-20 наурызы күндері өздеріне бекітілген аумақтарды аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Осы аумақтағы халыққа қызмет көрсететін орындарды, дүкендерді атап айтсақ, «Фердаус», «Базилик», «Рахат» «Данабек», «Малика», «Индира», «Мирас 2», «Болашақ», сонымен қатар, теміржол вокзал маңындағы дүкендер мен дәмханаларды аралап көрді.

Рейд барысында кейбір орындарда дизенфекция жасау бойынша келісім-шарт түзілмегені, санитайзер жоқ екені анықталып, кәсіпкерлерге жедел түрде қолға алу керектігі түсіндірілді. Алдағы уақытта жоғарыда айтылған жұмыстар атқарылмаса айыппұл салынатындығы ескертілді.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы