Сайрам аудан орталығында “Жастар ресурстық орталығының” ұйымдастыруымен халық көп шоғырланатын орындарда әлемді жаулаған індет – коронавирустың алдын алу мен сақтану жолдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ерікті жастар және қоғам белсенділерінің қатысуымен өткен шарада аудан тұрғындарына арнайы әдістемелік құралдар таратылды.
Сондай-ақ коронавирустық инфекцияның, пайда болуын және таралуын болдырмау бойынша Сайрам аудандық өңірлік комиссияның алғашқы отырысы өтті. Отырысқа аудандағы сауда орындарының, дәмхана, кафелердің, тойханалардың, шағын және орта кәсіпорындардың басшылары қатысты.
Аталған басқосуда Сайрам аудандық тауарлармен көрсетілетін қызметтің сапасын бақылау басқармасының бастығы Б.Атаходжаев коронавирустың алдын алу шараларын сақтау жөнінде және барлық жерлерде залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу туралы жан-жақты баяндады.
Рузиахун МАДАЛИЕВ.