«Ағаш ек, тал ек – туған елді түлет» демекші, наурыз айының жаймашуақ күндерінен орынды пайдалана білген Түркістан облысы, Төле би ауданының тұрғындары әдеттегідей көктемгі жұмыстарына қызу кірісіп кетті. Атап айтсақ, аудан орталығының Төлеби және Ә.Бектаев көшелерінің қиылысындағы шатқалға 300 түп шырша, «Ленгір-Зертас» бағытындағы жолдың бойына сол жерге жерсінетін 1000 түп қара өрік отырғызылды. Ал, Қапал батыр көшесіне егілген 1200 түп сәндік ағаштары аймақты жасыл желекке бөлемек.
Райымжан ӘЛІБАЕВ.