- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Асық ату және бес асық ойындары соңғы уақыттарда жақсы дамып, ойынға деген қызығушылықтың оянып жатқаны баршамызға мәлім. Осыған орай Төле би ауданында 5-6 және 7-8 сынып оқушылары, Сарыағаш ауданында 9-11 сынып оқушылары арасында асық ату және бес асық ойындарынан облыстық «Ұлттық мектеп лига» ойындары өтті. Аталған сайысқа облысымыздың мектептерінен 100-ден аса оқушылар қатысып өзара бақ сынасты.
Облыстық жарыс барысында жүзден жүйрік болып оза шапқан «Шардара» командасы 1-орынды қанжығаларына байлады. Ұлттық ойынымызды дәріптей білген командаға алдағы сайыстар да да тек жеңістер тілейміз.
Арайлым МЕЙРАМХАНҚЫЗЫ.