БАҒА ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

1  481 көрілім

Бүгін қала басшысы Рашид Аюпов Ататүрік көшесі бойындағы қоймалардағы және «Алтын бұлақ», «Игілік», «Қуаныш» базарларының қоймаларындағы халықтың күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарларының мөлшері мен сапасын бақылады.

Ондағы ұн, шекер, макарон, картоп, сәбіз сынды әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағаларына үнемі мониторинг жүргізіліп отыратын болады.

Сондай-ақ бақылау барысында ұн, макарон, шекердің бағалары едәуір қымбаттағаны белгілі болды. Бұл жөнінде түсіндірме жұмыстары жасалып, қымбаттау себебін білу үшін монополияға қарсы органдардың филиалына жолданып, тиісінше шаралар қолданылу көзделіп отыр.

Қоғамдық орындағы тауарларды арнайы пакеттерге салып сатылуы жөнінде сатушыларға ескерту жасалып, талаптарға сай жұмыс жасау керектігі қатаң түрде тапсырылды.

Дәріханаларда бетперделердің (маскалардың) тапшылығына байланысты өндіруші кәсіпорындармен байланыс жасалып, мүмкіндіктер қарастырылып жатыр.

Арайлым МЕЙРАМХАНҚЫЗЫ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы