ЖОЛ САПАСЫ – ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

1  101 көрілім

Төлеби ауданы әкімдігінің тікелей бастамасымен Ленгір қаласында құрылысы жүріп жатқан жолдардың сапасы тексеріліп, оған «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Шымкент филиалының мамандары арнайы шақыртылды. Төлеби, Ә.Бектаев, «Ленгір – Шахта-Тоғыс» бағытындағы жолдардан арнайы құралдардың көмегімен ойық алған мамандар сараптама жұмыстарының қорытындысын мердігер мекемелерге жолдайтын болады.

Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бақылауындағы жол құрылысы өткен жылы басталып 2020 жылы жалғасын тауып отыр. Жол сапасына жіті мән берген мамандар жұмысты өз мерзімінде аяқтауға сенімді.

Райымжан ӘЛІБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы