КӨКПАРДАН ЕРЕСЕКТЕР АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

2  361 көрілім

Түркістан облысы чемпионаты және Төлеби ауданы Көкпар Федерациясының Президенті Зиябек Жеткеровтың жүлдесіне арналған облыстық турнир өтті.

7 команда өзара бақ сынасқан аталмыш турнирде «Сайрам ауданы» бірінші орынға ие болды. Дүбірлі доданың екінші орынға тағайындалған жүлдесі Төлеби ауданының көкпаршыларына бұйырды. Ал, қазығұрттық спортшылар үшінші орынды місе тұтты.

Сайрам ауданы құрама командасының жетекшісі, аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев ұлттық өнердің үздік ойыншылары Б.Шырынқұлов, Н.Омаров, Н.Мырзабаев, Е.Байдашовтар бастаған біздің команда ел үмітін ақтап, ауданның абыройын асырды,- дейді ол.

Сондай-ақ, ат жалын тартып мінген балуандар бәсекесіне ұлттық спорт жанашырлары Ғани Ахметбаев пен Нұрмахан Жолдасов қатысып, жеңімпаздарды марапаттады.

Рузиахун МАДАЛИЕВ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы