Бүгінде мемлекет тарапынан жастарға түрлі салада жеке бизнесін ашуға немесе кеңейтуге кең жол ашылуда. Оның үстіне былтыр «Жастар жылы» болып жариялануы жастарды жігерлендіріп, ертеңге деген құлшынысына қанат бітіргені жасырын емес. Жастарға жаңа жұмыс орындарын құрумен қатар, айналым қаражатын толтыруға толық мүмкіндіктер қарастырылып отыр.

Осындай жандардың бірі Ордабасы ауданы, Темірлан ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Ердесбек Жақсылық жуырда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Ордабасы аудандық филиалы арқылы «Еңбек» бағдарламасы аясында «Бастау Бизнес» жобасы арқылы өз кәсібін бастауға қайтарымсыз 505 000 теңге алып, «Dos Doner» атты фастфуд асханасын (тез тамақтанатын орын) ашты. Жас кәсіпкер өз кәсібін дамытып, алдағы уақытта тағы да әрі қарай өз шаруасын кеңейте түсетінін жеткізді.
Қуаныш ТАСЫБАЕВ.