- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Бұл туралы Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі ресми ақпарат ұсынып отыр, деп хабарлайды «Yassy-tur.kz» ақпараттық агенттігі.
⠀
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдемесіне қатысты пікіріне орай, қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтарымыздың денсаулығы ең басты екенін алға тартқан ҚР Президенті әрбір қиындықты #Birge еңсеретінімізді “Twitter” парақшасында жазған.
⠀
Осы себепті, Түркістан қаласында Ұлыстың Ұлы күніне жоспарланған барлық шаралар кейінге қалдырылғанын хабарлаймыз! Уақыты қосымша хабарланатын болады.
⠀
Сонымен қатар, мектептерде демалыс уақыттары ерте басталып, 16 наурыз және 5 сәуір аралығына ауыстырылды. Ал, студенттер оқу жүйесін онлайн режимде жалғастырады.
⠀
Айта кетейік, бүгінгі таңда Түркістан қаласында коронавируспен тіркелген азамат жоқ.
⠀