АБАЙ – АДАМЗАТТЫҢ АЛЫБЫ

1  411 көрілім

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты сүйіп айтар, түйіп айтар, ой салар мақаласын ел жұртшылығымен пікірлесуге, ойласуға ниеттенді. Осыған орай ұлы ойшылдың шығармаларын қайта зейін қойып 1954 жылы жарық көрген І-ІІ том жинағын қолға алып көз майымды тауысып оқып шықтым.

Мемлекет басшысы «Абай тойының 175 жылдығына орай әр азамат осы тойдың алдында еліміз, елдігіміз жөнінде терең ойланса дейміз»,- деген ойын жеткізген еді. Абай бізге нені аманаттайды? Жыр жолдарына жүгінейік.

Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей, – деп адамға деген қамқорлығын өсиет етіп жыр арқауына қосты. Адамды ұлы көш жолына бастайтын құдірет еңбек екенін атап көрсетті. Абайдың жанұясы, ата-анасы ислам дінін ұстанған жандар. Әкесі Құнанбай кезінде Меккеге қажылыққа барып мұсылманның бес парызын берік өтеп қайырымдылықпен Алланың жердегі үйі мешіт тұрғызған қажы. Анасы Ұлжан да мұсылманның әдет – әдебін өте таза мұқият ұстанған ана. Абайды дәрет алмай емізбеген.

Абайдың азан шақырып қойған «Ибраһим» атымен атамай Абай деп атапты. Бұлай деп атауында үлкен ұлағатты мән бар. Өмірде зейінді ойлы адам болсын – деп Абай есімімен атаған болар. Ақын өмірінде халықпен мейірім шапағатпен сыйласып дос болды. Ел ішінде оны көре алмайтын бақталас, бәсекелес, қарсылас достары да болды. Абай қаза болған кезде оның досы Оразбай керуенмен келе жатып естиді. Керуенді шегеріп тоқтатып Абай адамзаттың алыбы «Піл» еді. Мен оған үріп жүрген «канден ит» едім. Енді кімге үремін – деп қамығып, егіліп отырып қалған екен. Өмір осындай адам қашанда бір – бірімен сыйластықта болуы керек.

Абай неге сүйсінді, неге күйінді? Өскен ортасына, табиғат тылсымына, өзара сыйластық махаббатқа сүйсінді. Оны қажет еткен әр-бір оқырман оқып, біліп өздері сүйсінер. Абайдың көңілі құлазып, күйінгені көп. Әсіресе билікке, қалың ел қазағына.

«Бас – басына би болған өңкей қыйқым,

Мінікей бұзған жоқпа, елдің сыйқын?

Өздеріңді түзелер дей алмаймын,

Өз қолыңнан кетпесе, енді өз ырқың». Бұл жерде бүгінгі таңдағы бір кісі таққа отырса қырық кісі атқа қонып өзара ауыз жаласып, жемқорлықтың қайнар көзі, ағып жатқан бұлағы тұр.

Абай тек ақын ғана емес, мәдениетті өнерді меңгерген ғұлама жан. Орыс ақындары А.Пушкин. М.Лермонтов, А.Крыловтың шығармаларын төл тілімізде қазақша сөйлеткен ақын. Ғибратты, ұлағатты 45 қара сөзін ел мұрасына ұсынған. Оның 45-қара сөзінің мына бір тұсын айта кетейін.

Адамшылықтың алды махаббат, ғаділет сезім. Бұлардың керек емес жері жоқ. Ол жаратқан Тәңір ісі. Абай қайсы бір істі бастаса Аллаһ мейірім шапағат рахымымен бастаған. Аллаһ разылығымен Аллаға сыйынып намаз оқып отырып жан тәсілім еткен. Осы жерде айтар өзекті ойым бар. Ол Аллаһтың мұсылманға парыз еткен бес парызының бірі намаз. Бүгінгі таңда Аллаһ үйі мешіт жетерлік. Ешкімге мешітке барып намаз оқуға шектеу қоймайды. Ер балаларға 13 жасынан парыз. Мектеп оқушылары жұма намаз күндері кәдімгідей мұсылман әдебімен мешітке келіп намаз оқиды. Құптарлық іс Аллаға құлшылық амал.

Айтатын ойым мектеп интернатта оқитын балаларға жатақханадан «Намазхана» ашып, жастардың намаз оқуына ықпал етсе абзал болар деймін.

Бұл мәселені президент білім-ғылым министрі құптаса деп ой ұсыныс айтқан. Сонда Абай ұлағатына, ғибратына қанығамыз. Абайдың сазды әуендері жоғалып барады. Оны шырқап, жырлап әндетіп жүрген әнші қауым саусақпен санарлық, тіпті жоқтың қасы. Міне осы мәселені қазақ әншілері өз қоржынына салып шырқаса қандай ләззат?!

Мәдібек ТІЛЕУБАЙҰЛЫ,

Түркістан қаласының тұрғыны, зейнеткер.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы