СОЗАҚ АУДАНЫНДА СЕРПІЛІС КӨП

312 көрілім

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Созақ ауданындаатқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар бойынша аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді. Аудан әкімінің айтуынша, Созақ ауданында жыл басынан бері 179 млрд 568 млн 400 мың теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндірілген. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 147,2 пайызға артық. Жалпы өңірдегі негізгі көрсеткіштер жыл сайын жоғарылап, өсім байқалады. 2023 жылы аудан өнеркәсіп өнім көлемі және де жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының көрсеткіштері бойынша облыста көш бастаған.

  • 2024 жылдың 3 айы қорытындысымен 3 185 тонна ет, 2 838 тонна сүт, 484 мың дана жұмыртқа өндірілді. Мүйізді ірі қара 43 962 бас, қой 245 879 бас, ешкі 37 117 бас, жылқы 31 309 бас, түйе 15 437 бас, құс 30 007 басты құрады. Былтырғы жылдың 12 айында ауданымызда 13 127 тонна ет, 16 429 тонна сүт, 2 470 мың дана жұмыртқа өндірілді,- деді М.Тұрысбеков. Сонымен қатар, аудан әкімі өңірдегі инфрақұрылым саласындағы атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті. Қазіргі таңда Созақ ауданына қарасты 33 елді мекеннің 29-ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Оның 21-і 24 сағат бойы тоқтаусыз ауыз суға қосылса, 5 елдімекенге кесте бойынша беріледі. Бүгінгі таңда кесте бойынша су берілетін Созақ, Шақырық елді мекендерін ауыз сумен тәулік бойы қамтамасыз ету үшін 2 млрд 88 млн теңгеге облыстық бюджетке ұсынылды. Ал, аудандағы ауыз суға қосылмаған тағы 4 елдімекенде биылғы жылдың соңына дейін бұл мәселе толықтай шешімін таппақ. Сондай-ақ, аудан орталығы Шолаққорғаннан Түркістан қаласына қарай бағыттағы жол бойында республикалық бюджет есебінен заманауи үлгідегі спорт кешенінің құрылысы басталып, 2024 жыл соңына дейін ел игілігіне беріледі деп күтілуде.
    Брифинг соңында аудан әкімі журналстердің сұрақтарына жауап беріп, аудан бойынша алдағы жоспарларды толықтай орындауға күш салатынын жеткізді.

Дәурен ТІЛЕУХАН.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы