Бүгін Түркістан қаласы ардагерлер кеңесінің ұйытқы болуымен қаладағы №21 жалпы орта мектебінде «Әке даналығы – балаға азық» атты қалалық әкелер форумы өтті.
Шараның ашылуына қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов, №21 жалпы орта мектебінің директоры Руслан Стамқұлов, мектептің «Қамқоршылық» кеңесінің төрағасы Сағынтай Жүзенов, ардагерлер кеңесінің мүшесі Шора Исмолдаевтар қатысты. Ақсақалдар әкенің мәртебесі мен бүгінгі бала тәрбиесі жайында әңгіме қозғады.
Аталған шараның мақсаты – жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Ұлттық салт-дәстүріміздегі әке тәрбиесінің ерекше екенін ұғындыру болып табылады.

Салтанатты форум шымылдығы мектеп ауласына көшет отырғызумен басталып, «Жаңғырсын жеті атамыз» композициясы, кітап пен жас ғалымдар көрмесіне ұласты. Сонымен қатар, мектеп оқушылары дайындаған концерттік бағдарлама көрермендер назарына ұсынылды.
Үмітбек БАҒДАТ.