КӘМЕЛЕТ ЖАСЫНА ТОЛМАҒАНДАР ТӘРБИЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

936 көрілім

Өткен түнде Түркістан қаласында кәмелет жасына толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, сонымен қатар жолын кесу жөніндегі мобильдік топтың қатысуымен рейд жүргізілді.

Аталған шараға қала əкімі Р.Аюповтың 26.02.2020 жылғы №110 өкіміне сәйкес құрылған 3 мобильдік топ мүшелері қатысты.
Топқа Түркістан қаласы прокуратурасының өкілі, қала әкімдігінің ішкі саясат бөлімі, адами капиталды дамыту бөлімінің мамандары, мектеп директорлары, қалалық полиция басқармасының қызметкерлері және ардагерлер кеңесінің мүшелері тартылған.

«Евразия» қонақ үйінің алдындағы Led экраны жанына 21:30-да жиналған мобильдік топ қаланы үш бағытқа бөліп жұмыстарына кірісті. Біз ерген бірінші топ мейрамхана, кафе, ойынхана, интернет клубтарына тексеріс жүргізді. Тексеріс барысында №22 жалпы орта мектебі маңындағы интернет клубтан мектеп оқушысын жолықтырдық. Мамандар оқушыға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, түнгі уақытта үйде отыру керектігін ескертті. Осы ретте екінші, үшінші бағыттағы топтарда белгіленген өңірдің тыныштығын қамтамасыз етті.

Ел ертеңі болған жастардың болашағына жауапкершілікпен қарап, азда болса да еңбек сіңіруді мақсат еткен топтың атқарар қызметі көп. Шаһарымыздың түнгі тыныштығы аясындағы кәмелет жасына толмағандар тәрбиесі басты назарға алынды. Аталымыш бастама алдағы уақытта өз жалғасын тауып отырмақ.

Үмітбек БАҒДАТ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы