БАУЫРЖАН БАЙБЕК ТҮРКІСТАНҒА ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ

939 көрілім

Түркістан қаласына жұмыс сапарымен “Nur Otan” партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек келді. Алдымен, заманауи облыстық Жастар ресурстық орталығында қала жастарымен және әлеуметтік желінің белсенді азаматтарымен кездесіп, ойларын тыңдады.

Бұл ғимараттың жастарға үлкен мүмкіндік сыйлайтынын айтып, өңірдегі жас өрендердің өте белсенді екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар мұндай ашық кездесулердің маңызына тоқталды.

Б. Байбек өз сөзінде жастарға бірден жоғары қызметті таңдауға емес, төменгі лауазымнан бастауға кеңес берді. Ал, жиылған қауым тарапынан мұғалім мәртебесі, мүмкіндігі шектеулі жандарға қоғамда жасалған жағдайлар, көпбалалы аналар және көпқабатты үйлер жайлы сауалдар қойылды.

“Nur Otan” партиясының жастар мәселесіндегі болашақ жоспарларына да тоқталды. Бұл ретте, білім сапасы, жатақхана, пәтер, бос уақытын тиімді өткізу, жұмыс орындарын көбейту және туризмді дамыту бойынша да бірқатар ақпараттар айтылды.

Жиын одан әрі Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да партия жиналысымен жалғасты.

Жанерке ЖАРЫЛҚАСЫН.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы