Мемлекет және қоғам қайраткері, тұңғыш дипломат Нәзір Төреқұлов жайында мерзімді басылымдарда мақалалар жазып жүрген қаламгерлердің қатарында филология ғылымдарының докторы, профессор Құлбек Ергөбек те бар. Әдебиет сыншысы Құлбек Сәрсенұлы қаламынан Нәзір Төреқұлұлын тастаған емес. Оның мерзімді басылымдарда тұлға жайындағы толғаныстары оқырмандарға ауық-ауық жол тартуда.
Әйгілі ғалым, Н.Төреқұлұлының көзін һәм қамқорлық шарапатын көрген Бейсембай Кенжебаевтың шәкірті Қ.Ергөбек ұстазы жайлы естеліктермен қатар Нәзірдің ел үшін жасаған еңбектерін де назардан тыс қалдырмайды. Республикалық «Аңыз адам» журналы мен облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газеттері мен өзге де басылым беттерінен профессор Қ.Ергөбектің Нәзір жайында айтқан ойлары мен жазған мақалалары да жарияланып тұрады.
Тұңғыш дипломат Н.Төреқұловты құрмет тұтқан қаламгер еске алу жиындарында тұлға жайында жылы толғаныстағы ойларын ортаға салудан жалыққан емес. Бұл оның Н.Төреқұлұлына деген зор құрметінің белгісі болса керек.
Нәзір Төреқұлов музейінің бұқарамен байланыс қызметі