Бүгін Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге Түркістан қаласының кәсіпкерлері, Сарыағаш, Келес, Қазығұрт аудандарының ауыл шаруашылық тауар өнірушілері және «Түркістан» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ өздерінің тауарларын шығарды.
Жәрмеңкеде азық-түлік өнімдері қала тұрғындарымен қонақтарына базар нарқынан 15-20 пайыз төмен бағада ұсынылды. Шарада көкөніс пен жеміс-жидектен бөлек, әсел тағы да басқа қажетті өнімдер саудаланды. Аталған іс-шара алдағы уақытта өз жалғасын табатын болмақ.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне күннің суығына қарамастан жиналған жұрттың қарасы қалың болды. Барлығы да арзандатылған отандық өнімге қызығушылық танытып жатты.
Қуаныш ТАСЫБАЕВ.
