- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Бүгін Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Оңтүстіктің өр оғыланы» атты еске алу кеші өтті.
А.С.Пушкин атындағы Түркістан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Оңтүстіктің дара тұлғалары» жобасы аясында өткізіліп отырған шара Орта Азия көлемінде тұңғыш тәуелсіз журнал ашқан журналист, баспагер Төрекелді Байтасовтың туғанына 65 жыл толу құрметіне арналды.
Жиында қаламгердің курстас досы, ф.ғ.д Сейдулла Садықов, әдебиет сыншысы Құлбек Ергөбек, әнші-сазгер Сауран Елеуов, ақын Зейнулла Еркебалаевтар естеліктерімен бөлісіп, өмір жолын баспа саласына арнаған азамат тұлғасына тоқталды. Сондай-ақ баспагердің ұлы, жолын қуған белгілі журналист Төребек Байтасов әке келбетін тілге тиек етті.
Кешке студенттер, кітапханашылар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Өр оғыланын ұлықтаған кештің сахнасында әндер мен ойлы толғамдар салтанат құрды.
Үмітбек БАҒДАТ.