ҮШ АУЫСЫМДАҒЫ МЕКТЕПТЕРДІ ЖОЮ КҮН ТӘРТІБІНДЕ ҚАРАЛДЫ

1  058 көрілім

Түркістан қаласының әкімі Р.Аюповтың төрағалығымен өткен апталық мәжілісте күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Атап айтсақ, білім саласындағы өзекті мәселелер, денсаулық сақтау саласы бойынша 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасының атқарған жұмыстары, халықтық кеңсесінің жұмыс барысы туралы мәселелер тыңдалды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы А.Батырбекова білім саласының өзекті мәселелеріне тоқталды. 2018-2020 жылдары мектеп оқушыларының саны 5000 оқушыға артып, үш ауысымдағы оқытылатын мектептердің қатары артқан. Апатты жағдайдағы мектептің бірі Е.Иззатуллаев жалпы орта мектебінің (2 ғимараты), ал үш ауысымдағы мектептер қатарында 14 жалпы орта мектебі, М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназия, №23 IT-мектеп-лицейі анықталып отыр. Сонымен қатар, қаладағы 3 мектептің атап айтсақ, А.Байтұрсынов жалпы орта мектебінің, М.Мәметова атындағы №6 жалпы орта мектебінің, №31 мектеп бала-бақшасының ішкі әжетханаларының жұмыс істемейтінін, сонымен қатар, 29 мектептің ішкі әжетханаларын қалпына келтіру керектігін алға тартты.

Бұдан бөлек, мектептерде оқушыларды компьютермен қамтамасыз ету пайызының төмендігі, білім беру ұйымдарының қауіпсіздігі, тәрбие саласындағы балалар мен жасөспірімдер арасындағы келеңсіз жайларды болдырмау, бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында «Оқушылар сарайы» қажет екенін жеткізді.

Бұдан соң Түркістан қалалық емханасының бас дәрігері Ж.Оспанова баяндама жасады. Баяндамашы денсаулық сақтау саласы бойынша 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасының атқарған жұмыстары туралы кеңінен тоқталып өтті. Онда ол мемлекетіміздің әлеуметтік әл-ауқаты мен экономикалық өркендеуінің негізі ретінде азаматтардың денсаулығын қорғаудың тиімді және орнықты жүйесін дамытуды қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарын саралады.

Жиында қаралған күн тәртібіндегі үшінші мәселе жақында ашылған халықтық кеңсесінің атқарған жұмысы туралы мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы М.Байғұт хабарлап өтті. Түркістан қаласы әкімдігі жанынан пилоттық жоба ретінде ашылған мемлекеттік қызмет көрсету орталығы ретінде 13 қаңтардан бастап халықтық кеңсе жұмыс атқаруда.

Халықтық кеңсенің басты мақсаты – қалалық әкімдік тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді бір жерден «бір терезе» жүйесі арқылы көрсетіп, ашықтықты қамтамасыз ету арқылы сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерінің алдын алу болып табылады. Бүгінде жұмыспен қамту орталығында көрсетілетін жалпы 97 мемлекеттік қызметтің 70-ке жуық түрі көрсетіледі.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы