Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығының» ғимаратында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов, Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» директоры Амалбек Өміртай және Түркістан қалалық «Жастар ресурстық орталығы» директоры Ералы Қамбар арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Олар осы меморандум арқылы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласындағы бағыттарды орындау мақсатында және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2020 жылы «Еріктілер жылы» деп жариялануына орай ұйымдастырылды.
Осыған орай, үш жақты келісім бағатында өзара байланысты нығайту мақсатында музей ісі, туризм, мәдени-көпшілік шаралар, өзара тәжірибе алмасу, кеңестер, семинарлар, конкурстар, форумдар, лекциялар, кездесулер, қайырымдылық акция сынды бірқатар шараларға еріктілерді тарта отырып, жыл көлемінде жоғарыда аталған жұмыстарды бірлесе атқаруға уағдаласып тарқасты.
Қуаныш ТАСЫБАЕВ.
