КЕНТАУЛЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЫСТА

1  088 көрілім

ҚР Білім және ғылым минстрлігі тарапынан жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы өткізілді. Сайыстың мақсаты оқушылардың ғылым негіздеріне қызығушылығын дамыту, жоғары сынып оқушыларын ғылым мен техниканың әртүрлі саласындағы шығармашылық қызметке тарту.

Аталған зияткерлік сайысқа облысымыздың атынан, «Дарын» мектеп–интернатының оқушылары қатысты. Бұл туралы топ жетекшісі Алмагүл Байболова өзінің фейсбук әлеуметтік парақшасында жариялады.

«Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының Кентау қаласы мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының оқушылары республикалық ғылыми жобалар сайысында 5 қола, 7 күміс медальмен, 16 оқушы мақтау қағазымен марапатталды. Осындай керемет жетістікке жетелеген әріптестеріміз бен ата-аналарына айтар алғысымыз шексіз»,- деді ол.

Дарынды оқушылар ішінде газетіміздің өткен сандарында жариялаған қол протезін ойлап шығарған, Маткарим Махапов та бар. Ол республикалық сайыста жүлделі ІІІ орынға ие болды.

Конкурстың қорытындысы кезеңінде еліміздің барлық аймақтарынан 737 дарынды оқушылар қатысып, ең үздік 584 жоба ұсынылған. Айта кетейік, кіл мықтылар басқосқан зияткерлік сайыс жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі.

Шынар ӘДІЛХАНҚЫЗЫ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы