22 ақпан күні сағат 9:00-15:00 аралығында “Гүлдер” саябағында (бұрынғы Есім хан алаңы) Түркістан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеге Сарыағаш, Келес, Қазығұрт аудандары және “Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы” АҚ Тұрақтандыру қоры филиалынан жалпы саны 35 тауар өндірушінің өнімдері қойылады.
Келіңіздер, азық-түліктерді нарық бағасынан 10-15% төмен бағада алуға мүмкіндіктеріңіз бар.