КЕҢЕСТЕ КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

1  020 көрілім

«Nur Otan» партиясымен бірлесе қоғамдық келісім кеңестері мен қоғамдық кеңестер жұмысының өзара іс-қимылын үйлестіру бойынша жиын өтті. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Мұрат Тұрсынбаев сөз алып, еліміздегі жетекші партия мен Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық кеңестер институтын нығайту бойынша қоғамдық бақылауды ұйымдастыру жөніндегі іс-қимылының 2019-2020 жылдарға жоспары бекітілгендігін атап өтті. Нақтырақ айтқанда, партия мен Ассамблея арасында атқарылатын жұмыстардың легіне тоқталды.

Мәжілісте Түркістан облысы бойынша ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары Жеңісбек Мәуленқұлов пікірін білдіріп, ұсыныстарымен бөлісті. Сонымен қатар Қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Нұрдәулет Ибадуллаұлы сөз алып, тақырып аясында ойларын жеткізді.

Бүгінде облыстық Қоғамдық келісім кеңесіне 47 адам мүше. Оның құрамында облыстық мәслихат депутаттары, басқарма қызметкерлері, этномәдени бірлестік жетекшілері және зиялы қауым өкілдері бар. Алдағы уақытта осы азаматтармен бірлесе аудан-қалаларда ақпараттық-насихаттық жұмыстары жүзеге асатынын облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары-хатшылық меңгерушісі Ғани Рысбеков сөзге тиек етті. Басқосуда қатысушылар өзара пікір алмасып, ұсыныстарын ортаға салды.

Арайлым МЕЙРАМХАНҚЫЗЫ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы