- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
«Asar» еріктілер ұйымының мүшелері «Еріктілер жылын» игі іспен бастағанды жөн санайды. Волонтерлар Кентау қаласына қарасты Жүйнек ауылындағы Ордабасы көшесіне 200-ге жуық көшет отырғызған. Бұл жағымды жаңылықпен ұйым төрағасы Төребай Асқарұлы өзінің фейсбук парақшасында бөлісті.
“Өздеріңізге белгілі осыдан біраз уақыт бұрын «Asar» еріктілер ұйымының төрағасы болған едім. Төраға деген жай ғана атау немесе атақ емес үлкен жауапкершілік. Сондықтан асарлықтарға үлгілі іс-әрекет көрсету азаматтық, ағалық борышым. Осы орайда ойыма «Әлемді өзгерткің келсе өзіңнен баста» деген даналық сөзді назарға алып, көшет қотырғыздық,- деген ол #ГҮЛДЕНЕБЕРТҮРКІСТАН және #bizbirgemiz хештегтері арқылы жазба қалдырған.

«Атадан мал қалғанша тал қалсын» деген тәмсілді ұранға айналдырған жастар әр жексенбі күні дәл осылай ағаш отырғызуды қолға алмақ. Ауыл жастарын бірлікке шақырған жақсылыққа жаны құмар жандар дәстүрлі үрдіске айналдырған өнегелі істі әрдайым бірлесіп атқаруға ниетті.
Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ.