ЖАСЫЛ АЛАҢДА ЖАСӨСПІРІМДЕР

830 көрілім

«Нұр» спорт кешенінде 2010-2011 жылдар аралығында туылған жасөспірімдер арасында футболдан республикалық турнирдің жалауы желбіреді. Бекзат мөлтек ауданының 1989 жылы туылған азаматтары ұйымдастырған кіші футбол Сидней олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың 40 жылдық мерей тойына орай өткізілді.

 «Осындай іс-шараны өткізіп отырған белсенді жастарға қала әкімдігі атынан алғыс айтқым келеді. Өйткені, қаржылай қолдау білдірген демеушілер болмаса да, арда азаматтың атын өшірмей республикалық жарыс өткізу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Жас аяқ допшыларға сәттілік тілеймін»,- деді қала әкімінің орынбасары Тәжібек Мұсаев.

    Республикалық турнирде 32 команда сайысқа түсуде. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл турнир жыл сайын дәстүрлі түрде жалғасын табатын болады.

   Айта кетейік, аяқ доп сайысының қорытындысы 11-ақпанда қорытындыланбақ. Жеңімпаздарға «Үздік команда», «Үздік футболшы», «Үздік жаттықтырушы» сынды номинациялармен қатар мақтау қағаздары, кубоктар тапсырылады.

Шынар ӘДІЛХАНҚЫЗЫ,

«Түркістан».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы