ҚАУІПТІ АУРУДЫҢ ҚАУІПІ ТҮСІНДІРІЛДІ

977 көрілім

       Түркістан қалалық емханада «Біліңіз-ұзақ өмір сүріңіз!» атты марафон мен «Ашық есік күні» акциясы өтті. Шараға қала тұрғындары мен мәслихат депутаттары қатысты. Емханаға келушілер таңғы сағат 9:00 ден – 18:00 ге дейін маммолог мамандарынан тегін скрининг жасау туралы ақпарат алды. Атап айтар болсақ, әлемде онкологиялық індетке шалдыққандардың қатары азаймай тұр. Жыл сайын жер бетінде 9 миллион адам обырдан көз жұмады. Қазақстанда өткен жылдың өзінде 36 мыңнан астам адам қатерлі дертке шалдыққан. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 4117 адамға көп. Былтыр бұл кеселдің кесірінен 14 мыңнан астам адам көз жұмды. Еліміз бойынша онкологиялық есепте тұрғандардың саны 180 мыңнан асып кеткен.

     Бұл шараның мақсаты қоғамдағы адамдардың назарын осы бір жаһандық мәселеге аудару және онкологиялық аурулардың қаншалықты қауіпті екендігін түсіндіру. Науқастардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін және медициналық сауаттылығын арттыру. Зиянды әдеттерден арылу арқылы өмір сүру жасын ұзартуға бағытталып отыр.

     Жиын соңында емханада есепте тұратын 30 науқасқа смарт браслеттер таратылды. Онымен науқастар өз денсаулықтарын бақылап тұрақты түрде қан қысымдарын өлшей алады. Дәрігерлер бұл құрылғымен онлайн режимде бақылау жасау арқылы науқастың белсенділігін, жауапкершілігін бағалап отырады. Ал, Түркістан қалалық су спорты кешенінің бастығы Ғалымжан Құдияров Онкологиялық ауруға шалдыққан жандарға бассейнге жүзуіне тегін абономенттер табыстады.Бұл марафон жылдың соңына дейін жалғасады.

      Арайлым МЕЙРАМХАНҚЫЗЫ,

«Түркістан».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы