ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДАҒЫ ӨТІНІШТЕР ОҢДЫ ШЕШІЛУДЕ

1  190 көрілім

«Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалында «Open Space» үлгісіндегі қоғамдық қабылдау бөлмесінде Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жиынға «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Темірбаев, қала әкімінің орынбасары Т.Мұсаев және тиісті дербес бөлім басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

   Кездесуге келген қала тұрғындары негізгі мәселелерін алға тартып, қала әкімінен нақты қолдау күтетінін жеткізді. Атап айтсақ, А.Пернеева мен А.Байарыстанова, Д.Кужумова жұмысқа орналастыруын өтінсе, Ж.Искакова, Л.Аликулова әлеуметтік көмек алуды, Ш.Айдарова қоғамдық көліктерін өз үйлеріне дейін жүруін, Т.Бейсенбайұлы көшелеріндегі жолдардың жөнделуін айтты.

   Жеке қабылдауда көтерілген мәселелерді назарына алған шаһар басшысы Р.Абатұлы тұрғындардың өтініштерінің оңды шешілуіне ықпал ететін болды.

«Түркістан-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы