Кедергісіз таңдау: Түркістан облысындағы сайлау учаскелері толық жабдықталды

31 көрілім

Түркістан облысында мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқығын кедергісіз жүзеге асыруы үшін барлық қажетті жағдайлар қарастырылған. Өңірдегі 952 сайлау учаскесі де материалдық-техникалық құралдармен толық жабдықталып, мүгедектігі бар азаматтарға арналған нысандар мен қызметтердің қолжетімділік картасына енгізілді.


Облыс аумағындағы барлық сайлау учаскелерінде тірек-қимыл аппараты бұзылған, соның ішінде кресло-арбаны пайдаланатын сайлаушылардың емін-еркін кіріп-шығуы ескерілген. Атап айтқанда:
Ғимараттарға пандустар орнатылып, тактильді жолақтар төселген;
Көру және есту қабілеті төмен азаматтарға арналған құлаққаптар мен өзге де тиісті құрал-жабдықтар әзірленген;
Жасырын дауыс беруге арналған арнайы кабиналар мен жеке бұрыштар ұйымдастырылған.
Бүгінде өңір бойынша ерекше қажеттілігі бар 15 104 сайлаушы тіркелген. Олардың қатарында 3 491 азамат кресло-арбаны пайдаланса, 7 750 адамның көру қабілеті, ал 3 863 азаматтың есту қабілеті шектеулі.
Сайлау күні олардың учаскелерге кедергісіз жетіп, өз таңдауын жасауына арнайы мамандар мен көлік қызметтері жұмылдырылады:
65 инватакси және 105 әлеуметтік такси тасымалдау қызметін көрсетеді;
209 сурдоаудармашы есту қабілеті бұзылған азаматтарға көмектеседі;
770 жеке көмекші жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар азаматтарды сүйемелдейді.
Атқарылған бұл кешенді шаралар Түркістан облысындағы әрбір азаматтың конституциялық құқығын тең дәрежеде пайдаланып, ел болашағы үшін өз дауысын еш кедергісіз беруіне мүмкіндік береді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы