ӨМІРБАЯНЫ
Мен, Каскабаев Айдос Бакытжанович, 1989 жылы 14 қарашада Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келдім.
2007 жылы орта мектепті тәмамдадым. Осы жылы ХҚТУ-де экономика және менеджмент мамандығына түстім.
Еңбек жолым Kaspi Bank жүйесінде 10 жыл қызмет атқарып, тәжірибе жинақтадым.
Қызметімді сауда саласында жалғастырдым. Қазіргі уақытта «Эфес Казахстан Аутсорсинг» ЖШС-де сауда бағытында 6 жылдан бері қызмет атқарып келемін.
Отбасылымын. Бір қызым және екі ұлым бар. Отбасым – менің басты құндылығым.
Өз қызметімде жауапкершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа және кәсіби дамуға басымдық беремін.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Әлеуметтік мәселелер – тұрғындардың әлеуметтік жағдайына қатысты мәселелерді зерделеу және оларды шешуге бағытталған ұсыныстар әзірлеу.
Жұмыспен қамту және кәсіпкерлік – шағын және орта бизнесті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға қатысты мәселелерді көтеру.
Жастар саясаты – жастардың білім алуына, кәсіби дамуына және жұмыспен қамтылуына жағдай жасауға бағытталған ұсыныстарды қолдау.
Білім беру – білім сапасын арттыру, оқу орындарының материалдық-техникалық жағдайын жақсарту мәселелеріне назар аудару.
Инфрақұрылым – елді мекендердегі жол, ауызсу, жарықтандыру және абаттандыру мәселелерін жүйелі түрде көтеру.
Ашықтық және есептілік – тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштерін тұрақты қабылдап, атқарылған жұмыс туралы ашық ақпарат беруге бағытталған жұмыс тәртібін қалыптастыру.
Отбасы құндылықтары – отбасы институтын нығайтуға және балалардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада тәрбиеленуіне қатысты бастамаларды қолдау.
/Жарияланым ақысы кандидатқа қаралған мемлекет қаржысы есебінен төленді/.
