ӨМІРБАЯНЫ
Өмірзақ Олжас Мұхтарұлы 1996 жылғы 15 желтоқсанда Түркістан қаласында туған. 2015 жылы Н.Төреқұлов атындағы мектепті бітірген.
2022 ж Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ің Стоматология факультетін аяқтаған. Білімі – жоғары. Еңбек жолын 2022 жылы бастаған. 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Түркістан қалалық емханасында дәрігер-стоматолог қызметін атқарып келеді.
Отбасылық жағдайы – үйленген, бір қызы бар.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Жаңа Қазақстанға нық қадам басуда сын-қатерлер мен жаңа мүмкіндіктерді жан-жақты саралай отырып, өз бағдарламамда келесідей өзекті мәселелерге ерекше назар аудардым:
1. Білім ошағының жағдайы мен білім сапасының артуы. Бүгінгі жас буынға сапалы білім берудің тиімді жолын тауып, жастарымызды білімді ұрпаққа айналдырғым келеді.
2. Ауыл жастарын түрлі спорттық шараларға тарту мәселесін қолға алу. Ауылда шынығып, еліміздің көк байрағын әлем алдында желбіреткен жас спортшыларымыз қаншама. Сол себепті, ауылымыздағы жас таланттарды қолдап, оларға барынша жағдай жасауға бар күшімді саламын.
3. Ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселелерді шешу (егістік, жайылым жер мәселесі). Осы тұста ауылымыздағы кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, ауылымыздың көркеюіне барынша үлес қосқым келеді.
4. Қариялар мен ардагерлерге (ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендер, Ауған, Семей, Чернобыль, Қарабақ т.б) деген құрметті барынша жандандыру.
5. Жол, жарық, жылу, ауыз су мәселесінің сапалы, оң шешімін табуына жол ашу.
Сұлу сөзден кесте тоқығым келмейді! Өтірік уәде беру бізге жат! Дегенмен, сайлаушыларымның алдында жоғары жауапкершілікті сезінемін. «Жақсы болу үшін депутат болу шарт емес, депутат болу үшін жақсы болу шарт!» М.Дулатұлы.
/Жарияланым ақысы кандидатқа қаралған мемлекет қаржысы есебінен төленді/.
