№7 сайлау округі бойынша Сауран аудандықмәслихатының депутаттығына үміткер

5 көрілім

ӨМІРБАЯНЫ

Қалдыбеков Шындәулет Сабырханұлы 1994 жылы 29 тамызда Түркістан облысы, Отырар ауданы Қарғалы ауылында туған. 2001 жылы Қарғалы ауылындағы С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебінде білім алып, 2012 жылы сол мектепті тәмамдаған. Білімі -жоғары.

2016 жылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығын бітірді.

2018 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне Құқықтану мамандығына түсіп, 2020 жылы толық курсын бітірді.

Еңбек жолын 2017 жылдан жылдан қазіргі уақытқа дейін Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Түркістан қалалық емханасында» кадр инспекторы қызметін атқарып келеді. Отбасылы.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

1. Әлеуметтік мәселелер – тұрғындардың әлеуметтік жағдайына қатысты мәселелерді зерделеу және оларды шешуге бағытталған ұсыныстар әзірлеу.

2. Жұмыспен қамту және кәсіпкерлік – шағын және орта бизнесті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және азаматтардың бастамаларын қолдауға қатысты мәселелерді көтеру.

3. Жастар саясаты – жастардың білім алуына, кәсіби дамуына және жұмыспен қамтылуына жағдай жасауға бағытталған ұсыныстарды қолдау.

4. Білім беру – білім сапасын арттыру, оқу орындарының материалдық-техникалық жағдайын жақсарту мәселелеріне назар аудару.

5. Инфрақұрылым – елді мекендердегі жол, ауызсу, жарықтандыру және абаттандыру мәселелерін жүйелі түрде көтеру.

6. Ашықтық және есептілік – тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштерін тұрақты қабылдап, атқарылған жұмыс туралы ашық ақпарат беруге бағытталған жұмыс тәртібін қалыптастыру.

7. Отбасы құндылықтары – отбасы институтын нығайтуға және балалардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада тәрбиеленуіне қатысты бастамаларды қолдау.

/Жарияланым ақысы кандидатқа қаралған мемлекет қаржысы есебінен төленді/.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы